19.10.2018 ж
Хаттама
№2 « 19 » қазан 2018 жыл
Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы №16 «Бөбек» бала бақшасы МКҚК қамқоршылық кеңесінің І отырысы
Барлығы: 5
Қатысқаны: 1. Шарбаева Назгуль Даулетовна №1 «Балапан» ортаңғы тобының ата-анасы
2. Байжанова Асемгуль Аманжоловна №2 «Қуыршақ» ІІ кіші топ ата-анасы
3. Шарипова Айгерим Маратовна №3 «Гүлдер» ортаңғы тобының ата-анасы
4. Каримова Райхан №4 «Жұлдыз» ересек тобының ата-анасы
Жиналыс төрағасы: Кожахметов Канат Какимжанович
Күн тәртібі:
1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерімен таныстыру.
2.Жұмыс жоспарын бекіту.
Тыңдалды: Кожахметов Канат Какимжанович қамқоршылық кеңес отырысының күн тәртібімен таныстырып, 2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен таныстыру және қамқоршылық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы айтып өтті.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері төмендегі адамдардан құрылды.
1. Шарбаева Назгуль Даулетовна №1 «Балапан» ортаңғы тобының ата-анасы
2. Байжанова Асемгуль Аманжоловна №2 «Қуыршақ» ІІ кіші топ
ата-анасы
3. Шарипова Айгерим Маратовна №3 «Гүлдер» ортаңғы тобының ата-анасы
4. Каримова Райхан №4 «Жұлдыз» ересек тобының ата-анасы
Құрылған қамқоршылық кеңестің мүшелері арасынан ашық дауыс беру жолымен дауыстардың басымдылығымен Кожахметов Канат Какимжанович «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы болып сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кожахметов Канат Какимжанович қамқоршылық кеңестің мүшелерінің міндеттерімен таныстырып, жұмыс жоспарын бекітуді ұсынды.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы берілген қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді. Балалардың құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Балабақщаның материалдық- техникалық базасын жетілдіруге, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға көмектеседі. Балабақшада болып жатқан түрлі іс- шараларға қатысады. Сонымен қатар, қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Шешімі:
2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен таныстыру, қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелері төмендегі адамдардан сайлансын.
1. Шарипова Айгерим Маратовна №3 «Гүлдер» ортаңғы тобының ата-анасы
2. Шарбаева Назгуль Даулетовна №1 «Балапан» ортаңғы тобының ата-анасы
3. Байжанова Асемгуль Аманжоловна №2 «Қуыршақ» ІІ кіші тобының ата-анасы
4. Каримова Райхан №4 «Жұлдыз» ересек тобының ата-анасы
2.1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерімен таныстырылып, жұмыс жоспарын бекітілсін.
Жиналыстың төрағасы: Кожахметов Канат Какимжанович
Хатшысы: №16 «Бөбек» бала бақшасының тәрбиешісі: Муканова А.Д.