"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны"
Государственное  коммунальное казенное  предприятие  "Ясли-сад" "Бөбек" города Кокшетау  при отделе  образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Баласыз үй - мазар, балалы үй - базар" деп атам қазақ бекерден бекер айтпаса керек. Өскен сайын айналасын думан-күлкіге бөлейтін балақайлардың тілі де, қимылы да тәтті емес пе?! Ал, қазір жасы үштен асса да тілі кеш шығатын не әріптерді анық айта алмайтын балаларды жиі кездестіреміз. Жасыратыны жоқ, «Бала тілі – бал» деген данышпан халықтың ұрпағы бүгінде тілі былдырлаған баласын логопед мамандарының көмегіне жүгінеді. Себебі, логопед маман тілдегі кемшіліктерді түзетуге, әріптерді дұрыс дыбыстауға және анық сөйлеуге үйретеді. Логопед- тіл тазалығының маманы. Баланың анық сөйлеуімен, дыбыстарының дұрыс шығуымен айналысады. Тілі келмейтін дыбыстарға арнайы жаттығулар жасатып, логопедиялық массаж, тағы да басқа әдіс- тәсілдерді қолданады. Бала тілінің кеш шығуының себеп-салдарына тоқталатын болсақ, бірінші баланы дүниеге әкелуді жоспарлау керек. Яғни, ананың денсаулығы, психоэмоционалдық жағдайы баланың дамуына, оның ішінде тілінің дұрыс шығуына әсер етпей қоймайды. Жүктілік кезеңге жауапкершілікпен қараса, өмірге дені сау ұрпақ келетіні де айқын. Екіншіден, кішкентай бүлдіршендерге қазіргі замандағы ең өзекті мәселесі смартфон, гаджеттер беруде шектеу мен бақылау қойылуы керек. Теледидар немесе телефондағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен сөздері баланың миына, қабылдауына қиындық туғызады. Сағаттап теледидардың алдында отырған баланың санасы қажетсіз ақпаратқа толып қалады. Бала миы 2-3 жаста пісіп-жетіледі. Ал 2-3 жаста сонша ақпарат ағынын сүзгіден өткізіп, қабылдау бала миына үлкен жүк. Осы тұста, тағы бір ескере кетерлік жай, балаға шектеу қойғаннан кейін, міндетті түрде оны алмастыратын әрекет ұсыну керек. Мәселен, қолына қағаз бен қарындаш беріп, сурет салмаса да шимайлауға мүмкіндік беру. Бұл да болса, баланың ой еркіндігінің кеңістігін кеңейтіп, зейінін арттырады. Логопед маманына қай кезде жүгіну керек? Дыбыс айтуындағы кемшіліктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне әсерін тигізеді. Осындай себептер бойынша ата-аналар логопед маманның көмегіне жүгінуі қажет. Егер бала 3 жасында нашар сөйлесе немесе 3-6 жасында баланың сөзі түсініксіз болса, сөйлем құрылымы дұрыс емес болса міндетті түрде баланы логопед маманға көрсеткен жөн. Сондай-ақ, баланың сөздік қоры жасына сай келмесе, сөзінде етістіктерді, сан есімді, сын есімді сөздерін аз қолданса, сөзінде байланыс болмаса, өлеңдерді нашар жаттаса ата-ана ертерек қамданған дұрыс.Логопед маманы қосымша неврологқа, психологқа бағыттауы мүмкін. Жалпы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, ми жұмысының бұзылуы баланың тіл кемістігіне алып келеді. Негізі баланың тілі тез шығуы үшін үлкендер әрбір қимылын, ойын дауыстап түсіндіріп отыру тиіс. Бүгінгі балаларға әңгімелесу, тілдесу жетіспейді. Барынша сөзге тартып, сөздік қорының қалыптасуына мүмкіндік ашу керек. «Бұл бала дұрыс сөйлемейді» деген сөзді күн сайын естіген бала тұйықтала береді. Сондықтан, баланы еркелете бергеннен гөрі, кішкене еркіндікте ұстап, ойын емін-еркін жеткізуіне мүмкіндік берген жөн.

01.06.2021
Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст