"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны"
Государственное  коммунальное казенное  предприятие  "Ясли-сад" "Бөбек" города Кокшетау  при отделе  образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұлттық ойындар" мақала. Тәрбиеші: Муканова Арайлым Дюсенбаевна

11.12.2021 Баланың ой-өрісінің жетілуі оның ойын қызығына беріліп, танымдық дүниелерді білуге ұмтылуына да байланысты. Сондықтан балаға тәрбие бергенде оның бойына рухани, адам құндылықтарды сіңіру басты міндетіміз. Дәл осы бағытты балабақша тәрбиешілері ұстанады. Ойынның қай түрін алсаң да баланы дамытуда қолдануға болады. Әр сабақты ерекшелігіне сәйкес ойын түрлерімен алмастырып, пайдаланған жөн деп есептеймін. Қазір түрлі мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі құбыжық ойыншықтар қатары көбейіп келе жатыр. Ол баланың психикасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан балаға көбірек жұмсақ ойыншықтар сатып алып, адами қасиеттерге тәрбиелейтін ойындар ойнатқан дұрыс болады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі , әсіресе , балалар фольклорын дамытушы негізгі сала - ұлттық ойындар. Онда ертегілер әлеміне саяхат жасап қана қоймай, жаңылтпашты жаңылмай айтуға, жұмбақ жасыруға , тыйым сөздер арқылы теріс қылықтар жасамауға баулыған. Өзім қызмет ететін "Бөбек" бөбекжайының "Гүлдер" ересек тобында осыны негізге алуға тырысамын. Ертеден ата-ана баласын ата әжесінің бауырына салып, үлкендердің тәрбиесіне беруі осының айғағы. Сабырлы адамның жанында жүріп, бала да сабырлы, ақылды болып жетіледі. Сондықтан ойната жүріп, ойлата білгенге не жетсін.
Просмотров: 236

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст